1 Мамыр қарсаңындағы онлайн конференция
- Подробности
- Опубликовано: 24 апреля 2020
2020 жылдың 24 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ (Қостанай облыстық Достық үйі) мен Ө. Сұлтанғазин атындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында облыстық ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелерімен және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен бірігіп «Қазақстан бірлігі халықтар достығында - Единство Казахстана в дружбе народа» атты онлайн конференция өткізді.
Ұйымдастырушылар кездесуге Қостанай облысында ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал да қызықты, бастамашыл спикерлерді шақырды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің IV шақырылым депутаты, қазіргі облыстық ҚХА ҒСТ мүшесі, ҚМПУ ҚХА кафедрасының профессоры В.Г. Вишниченко Қазақстан халқы Ассамблеясының пайда болуының басы-қасында жүрді, сондай-ақ, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңын әзірлеу бойынша жұмыс тобының мүшесі болды. Өз сөзінде ол Қазақстандағы осы тарихи маңызды үрдістердің қалай өткеніне және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды дамытудағы ҚХА рөліне ерекше тоқталды.
Арнайы қонақ ретінде белгілі қоғам қайраткері, ҚХА мүшесі, кәсіпкер, бизнес-тренер Абдусаламов Рустам Абдусаламович шақырылды. Ол жастармен жұмыстағы әлеуметтік желілердің рөліне тоқталды.
«АгрмашХолдингКZ» АҚ-ның бірінші вице-президенті, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Шупижанова Динара Аманжоловна және «WorldSkills International» халықаралық сертификатталған сарапшысы, «Қостанай облысының жоғары білім беру саласында 5 жаңа тұлға» жобасының лауреаты, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқытушысы Саидов Анзор Мусаевич өздерінің «Табыс жету тарихы» жайында айтып берді. Олар студенттерге «Өзіңе сену!», «Өз өмірінде бірдеңе өзгертуге қорықпау!», «Нақты мақсат қою және оған қол жеткізу!» деп, өз жетістіктерінің құпиясын ашты.
Осы жылы, біз, ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде жарияланған «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласының ережелері негізінде әзірленген «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 3 жылдығын атап өттік.
Осы бағдарламаның пайда болуымен біздің өмірімізге «бәсекеге қабілеттілік», «прагматизм», «ұлттық бірегейлік», «сананың ашықтығы», «Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуы», «Туған жер», «латын» және т.б. көптеген сөздер белсенді сөздік қорымызға енді. «Рухани жаңғыру» облыстық Жобалау кеңсесінің директоры Абдибеков Нұрбек Елекбайұлы Қостанай облысында осы бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар мен бағдарламаның үш жылдығын қалай атап өткенін баяндап берді.
Конференцияны ұйымдастырушылар, облыстық ҚХА ҒСТ төрағасы Ә. Б. Бекмағамбетовке; Облыстық ҚХА ҒСТ мүшесі, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ ректорының м.а. Г. А. Мұсабековаға; облыстық ҚХА ҒСТ мүшесі, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ Қазақстан тарихы және философия кафедрасының доценті Д. А. Качееваға; этносаралық қатынастар саласындағы қоғамдық бірлестіктермен жұмыс және мониторинг бөлімінің басшысы Р. Ж. Мырзағалиевке; Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің жетекшісі, ҚХА Қоғамдық медиаторы Г.Т. Латыповаға алғыс білдіреді.