Мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру курсы «Зайырлылық және дінтану негіздері курсын меңгертудегі белсенді әдістер және интерактивті технологиялар»
- Подробности
- Опубликовано: 12 ноября 2016
Қоғамдық пәндер, экономика және құқық негіздері кафедрасы қосымша білім беру факультетімен бірлесіп 2016 жылдың 31 қазан мен 12 қараша аралығында ЖОО, колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдеріне арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері курсын меңгертудегі белсенді әдістер және интерактивті технологиялар» тақырыбында 2 апталық біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.
Курс жұмысына ҚМПИ оқытушылары Шаймерден Г. И., Амантаева А. Б., Ярочкина Е. В. Альшанова Б. Х., Самаркин С.В. және қоғамдық-саяси ұйымдар мен мектептерден шақыртылған қонақтар Қостанай қаласы №1 мектеп-лицейі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары К.Я. Грудупс, Қостанай облысы әкімдігінің діни істер Басқармасының бастығы Нугурбаев Нурикан Кажмуханович, діни істер Басқармасының қарауындағы «Дінтану орталығы» КММ директоры Маренинова Валентина Викторовна қатысты.Курс барысында «Жалпы білім беретін мектептерде «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын меңгертудегі өзекті мәселелер. Шешу жолдары" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталмыш тақырыпқа қатысты қатысушылардың әрқайсысы ой-пікірлерін білдіріп, педагогтардың оқыту үрдісінде туындайтын қиындықтарға тоқталды. Оқыту үрдісін жетілдірудің бағыттарын белгіледі, пәннің білім беру мекемелерінде тиімділігін арттыру мақсаттарын айқындады.Курс барысында өзекті мәселелер талқыланды, семинарға пәнді меңгертуші оқу орындарының өкілдері, бұл пәнді оқытпайтын оқытушылар да қатысты. Әр түрлі тақырыптар аясында пәннің типтік бағдарламасына сәйкес (теориялық, практикалық жоспарлар ұсынылды, интерактивті оқыту технологиясы қарастырылды).