«Дін және ислам»

27.10.1627 қазан күні Л.Толстой атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Дін және ислам» атты тақырыпта іс-шараға Қостанай мемлекеттік институтының тарих және өнер факультетінің тарих және құқық экономика мамандығы, сонымен қатар институтымыздың басқада мамандықтарының 1 курс студенттері (50 студент қатысты) Іс-шараға Қостанай қалалық мешіттің нәйб имамы Дүйсен Саранжіпұлы ДАЙЫР және Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Өтеген Ихсанұлы Исенов шақырылды. Кеш қонақтары Имам Дүйсен Саранжіпұлы, доцент Өтеген Ихсанұлы дін және ислам тарихына қатысты студенттердің қойған сауалдарына жауап берді. Студенттер дәстүрлі дін тарихына қатысты мағлұматтар алды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз