Жаңа жыр жинағының тұсаукесері

Мукият Койшыбайулы2016 жылғы 24 қазанда факультет студенттері Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Өтеген Исеновтің жетекшілігімен Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен ақын Мұқият Қойшыбайұлының тұңғыш жыр жинағының тұсаукесеріне қатысты. Мұқият Қойшыбайұлы 1984 жылы 2 маусымда Қытай халық республикасының Іле облысы Текес ауданы Үлкенқұштай ауылында дүниеге келіп, 2005 жылы атамекеніне оралған. Кездесуде жас ақын өз шығармашылығымен бөлісіп, студенттер қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Кеш қонағы ақын Абылай Мауданов, т.ғ.к., доцент Өтеген Исенов авторға кітап туралы пікірлерін айтты

.Фото http://www.kstounb.kz/ru/news/events?node=6315

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз