Ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жыл

20.10.162016 жылдың 20 қазаны күні Ұлт ұстазы Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына орай тарих және өнер факультетінде Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ө.И. Исенов және аға оқытушы Н.Н. Елкейдің ұйымдастыруымен «Ұлт ұстазы» тақырыбында тағылымды тарихи-кездесу сабағы өтті. Кездесу сабағына Ыбырай бабамыздың атындағы мектеп-интернатының түлегі, т.ғ.д., профессор Аманжол Күзембайұлы қонақ ретінде шақырылып, педагогтің өмірі мен ғылыми мұрасы, қызметі жөнінде студенттерге баяндап берді.
Аталған жиынға келген 1-2 курс студенттері кездесу барысында профессор Аманжол Күзембайұлына сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. Жиын барысында студенттерге Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметіне байланысты презентация, видеоролик көрсетілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жыл