«Қаһарлы 1916 жыл»

29.09.16Қостанай облыстық әкімдігінің Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде КММ 29 қыркүйек күні Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай «Қаһарлы 1916 жыл» атты музей сабағы өтті. Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Өтеген Исенов және музей қызметкері Назима Оташева студент жастарға Амангелді Иманов бастаған 1916 жылығы көтеріліске қатысты тарихи құжаттар мен деректерден мәлімет берді. Музей сабағына Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 1 курс студенттері қатысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз