Студенттермен кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 01 сентября 2016
2016 жылдың 1 қыркүйегінде А-205 аудиторияда Тарих және өнер факультетінің деканаты және профессор-оқытушылар құрамы 1 курс студенттерімен дәстүрлі жиналысын өткізді. Жиналыс барысында студенттер алдында факультет деканы т.ғ.к., доцент Балғабаева Г.З. және кафедра меңгерушілері т.ғ.к. Наурызбаева Э.К., т.ғ.к. Ярочкина Е.В., п.ғ.к. Сапиева М.С. сөз сөйледі, ал декан орынбасары тарих магистры Нурпеисова Э.Т. студенттерді қабылдау туралы бұйрықпен таныстырып шықты. Жиналыс соңында топ кураторлары тағайындалып, олар топпен жұмыс жасау мақсатымен аудиторияларға жиналды.