Ғалихан Жантөрин - тарихшы, ғалым

27.04.162016 жылдың 27 сәуір күні тарих және өнер факультетінде тарихшы және ғалым Ғалихан Жантөриннің туғанына 100 жыл толуына арналған студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өткен болатын. Конференцияның толық мәжілісінде ғалымның бауыры Еленов Стахан, балалары Алия Ғалиханқызы, Марат Ғалиханұлы және немерелері, тарихшы-ғалымдар Аманжол Күзембайұлы, И.К.Терновой және студенттер қатынасты. Конференцияда сөз алған қонақтар ғалым туралы өз ойларын, естеліктерін ортаға салды. Студенттер ғалымның өмір жолы, қызметі, ғылыми мұрасы жөнінде баяндамаларын оқыды. Конференция соңы естелікке фотосуретке түсумен және ғалымның аудиториясын тамашалаумен аяқталды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз