«Дін және жастар»
- Подробности
- Опубликовано: 22 апреля 2016
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және өнер факультетінің әлем тарихы және қоғамдық пәндер апталығы аясында 22.04.2016 ж. сағат 10:30. 210-дәрісханада әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, саясаттану магистрі Төлеу Паниязұлының ұйымдастыруымен өткен «Дін және жастар» тақырыбында дөңгелек үстелге «Математика-11», «Қазақ тілі және әдебиеті-12» топ студенттері қатысып ашық әңгіме өткізді. Іс-шараға арнайы шақырылған облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Тұралинова Роза ханым қатысып өз ойын ортаға салды.
Іс-шараның мақсаты – қоғамымызда күн тәртібінен түспей келе жатқан діни ұстаным, діни сауаттылық және зайырлы қоғам мәселелерін кеңінен талқылау, әсіресе жастардың дәстүрлі дін мәдениетін меңгеруге қатысты көзқарастарының көкжиегін кеңейтуге атсалысу болып табылды. Сонымен бірге дөңгелек үстелде қоғамымыздағы дәстүрлі емес ағымдардың зияны мен олардан сақтанудың амалдары туралы да айтылды. Жарыссөзге шыққан «Математика-11» тобының студенттері Күзербаев Бақберген, Әдбіқұл Жомарт, Кәшірбек Жадыраның баяндамалары мәнді, мазмұнды болды. Іс-шараны «Математика-11» тобының студенті Ералы Айша жүргізіп отырды. Осындай іс-шаралар арқылы жастардың бойына имандылық пен елжандылықты, рухани мәдениетті қалыптастыру, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрді ислам дінінің құндылықтарын дұрыс ұғындыру, бағалау қоғамымыздағы ел бірлігін, ұлт тұтастығын ұлықтауға әкелері сөзсіз.