«Студенттік жылдар жайлы естелік»

21.04.20162016 жылдың 21 сәуірінде әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары т.ғ.к., доцент Я.К.Духин, т.ғ.к., доцент С.В.Самаркин, т.ғ.к., доцент Е.В.Ярочкина «Студенттік жылдар жайлы естелік» тақырыбында «Әлем және аймақтық тарих мәселелерін зерттеу жөніндегі зерттеушілер тобы» тарихи үйірмесін ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараға үйірме мүшелері болған факультет түлектері Н.Ю.Кифик, О.А.Смагина, М.А.Ленивова, М.А.Чеботарева, К.Я.Грудупс, В.Н.Зыбарева, Ю.С.Абенова шақырылды. Қонақтар үйірмеден алған тәжірибелерінің қызмет істеуде үлкен көмек болғандарын айтып өтті. Тарих және өнер факультетінің түлегі Светлана Белоус бейне-жолдау жіберіп, өзінің ғылыми жетістіктерімен бөлісті және үйірменің магистратураға, одан кейін докторантураға түсерде көп көмегі болғандығы жайлы әңгімеледі.ХХ ғасырдың 60-70 жылдары факультеттегі үйірме жұмыстарына жауапты болған Яков Кузьмич Духин жетістіктері үшін үйірме мүшелерінің тарихи орындарды аралауға туристік жолдама ұтып алғандары жайлы баяндады. К.Я.Грудупс ғылыми олимпиада, конкурстарға қатысып, ғылыми мақалаларын жариялап жүрген оқушыларының табыстары мен жетістіктері туралы бөлісті. Іс-шараға «Құқық және экономика негіздері» және «Тарих» мамандығының 2 курс студенттері белсене атсалысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз