«ХХI-ғасыр азаматы»
- Подробности
- Опубликовано: 20 апреля 2016
2016 жылдың 20 сәуірінде Студенттер үйінде «ХХІ ғасыр азаматы» зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынды Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары М.О.Рагатова, Ж.Н.Жумабаева, М.В.Разуваева, Ж.Т.Антаев пен «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 3 курс студенттері А.Ибраева, А.Қалиева ұйымдастырды. Ойынға «Жас Отан» және «Тұлпар» командалары қатысып, Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары жайлы білімдерін ортаға салды. Заманауи геосаяси мәселелеріне қатысты сұрақтар қызу талқыланды. Әділ қазылар мүшелері осындай іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып, оның студенттердің әрқашан қазіргі жағдайлардан хабардар болуға, нақты позициясының болуына, заманауи құбылыстар мен үдерістерді сын тұрғысынан талдау жасауға септігін тигізетіні жайлы айтып өтті. Ойын қорытындысы бойынша «Жас Отан» командасы жеңіске жетіп, сыйлықтар тапсырылды.