Дінтану бойынша шеберлік сыныбы
- Подробности
- Опубликовано: 19 апреля 2016
2016 жылдың 19 сәуірінде «Әлем тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент м.а, ф.ғ.к., Б.Х.Альшанова «Дінтану пәнін оқытудағы өзекті мәселелер» тақырыбында «Құқық және экономика негіздері» мамандығының студенттеріне шеберлік сыныбын өткізді. Оған Қостанай қалалық №1 мектеп-лицейі директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, жоғарғы санатты тарих, құқық және дінтану пәнінің мұғалімі К.Я.Грудупс және кафедра оқытушылары Е.В.Ярочкина, С.В.Самаркин, М.В.Разуваева шақырылды. К.Я.Грудупс өзінің сабақ беру элементтерін көрсетті, сондай-ақ осы пәнді беруде кейбір жас мамандардың жіберетін қателіктерін қарастырды. Студенттер тарапынан да сұрақтар туындап, аталған мәселелерді шеберлік сыныбының қонақтарымен бірге талқылауға зор мүмкіндік туды.