«17 ғасыр басындағы халықаралық қатынастар. Отызжылдық соғыс»
- Подробности
- Опубликовано: 18 апреля 2016
2016 жылдың 18 сәуірінде «Әлем тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының апталығы аясында тарих ғылымдарының кандидаты С.В.Самаркиннің «17 ғасыр басындағы халықаралық қатынастар. Отызжылдық соғыс» тақырыбында «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 3 курс студенттеріне ашық дәрістік сабағы өтті. Дәріс барысында заманауи халықаралық қатынастар жүйесін қалыптастырудың басты мәселелері анықталды. Вестфаль келісімінің саяси-құқықтық және экономикалық нәтижелері талқыланды. Электрондық карталар, көрнекіліктер мен саясаткерлердің портреттері тақырыпты кеңінен қарастыруға мүмкіндік берді.