VІІІ Республикалық Пәндік Олимпиада

6-8.04.162016 жылы сәуір айының 6-8 жұлдызы күндері Тараз қаласында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыруымен өткен ҮІІІ Республикалық Пәндік Олимпиадаға 5В011400 «Тарих» мамандығының студенттері проф. Аманжол Күзембайұлының ғылыми жетекшілігімен қатынасты. Тарихшылар командасынан 2-4 курс студенттері Айту Б., Нақыпов Б., Бектұрғанов Қ., Жусупов Қ. олимпиадада белсенділік танытып өз білімдерін жоғары көрсете білді. Олимпиада барысында, тарихшылар командасы «Ең үздік жоба» номинациясындағы марапатқа да ие болды.
Жалпы пәндік олимпиада қорытындысы бойынша үздіктер қатарынан табылған тарихшылар командасы жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Жеңістеріңіз құтты болсын!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз