«Менің жерімнің қазіргі тағдыры»
- Подробности
- Опубликовано: 18 марта 2016
18 наурыз 2016 жылы Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Менің жерімнің қазіргі тағдыры» атты сирек басылымдар жол сілтемесінің презентациясы өтті. Онда кітапхананың сирек қорында жатқан өлке тарихының бірегей әдебиеттері ұсынылған.Жол сілтемеге алғысөз жазған тарих ғылымдарының кандидаты Самаркин Сергей Владимирович. Бұл шараға «Тарих және өнер» факультетінің «Құқық және экономика негіздері», «Тарих» мамандықтарының 1-2 курс студенттері сондай –ақ «Әлем тарихы және қоғамдық пәндер» құжырасының оқытушылары –тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Духин Яков Кузьмич, құжыра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ярочкина Елизавета Викторовналар қатысты. Презентация көрме және костюмді көріністермен сүйемелденді. Шараға қатысушылар басылымды талқылауға қатысып отырды. Жол сілтеменің электронды толық нұсқасы кітапхананың сайтына қазақша, орысша, ағылшын тілдерінде жүктелген.