«Тазалық – денсаулық кепілі»
- Подробности
- Опубликовано: 16 февраля 2016
2016 жылдың 9 ақпаны күні 2 курс «Тарих» мамандығының орыс бөлімі студенттеріне «Тазалық-денсаулық кепілі» атты кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатқа ҚМПИ медицина саласының қызметкері М.Ж. Қасымова шақырылып, студенттерге жеке басын қалай таза ұстау қажеттігі, қазіргі уақытта өршіп тұрған тұмаудан қалай сақтану, тұмаудың алдын-алу және т.б. шараларына қатысты маңызды мағлұматтар бере кетті. Тағы да ескеретін жайт, күнделікті қолымызды уақытылы жуып, таза ұстауымыздың өзі түрлі қауіпті аурулардан сақтанумыздың және ұзақ өмір сүруіміздің алғышарты болып табылады.