«Қостанай облысына 80 жыл»

fii-kost-25.01.1625 ақпан күні сағат 15:00-де облыстық Л.Н. Тольстой атындағы кітапханада Қостанай облысының 80 жылдығына арналған кітап көрмесінің ашылуы өтіп, оған тарих және өнер факультеті «Тарих» мамандығының студенттері шақырылды. Көрме үш бөлімге «Тарихы туған мекен», «Әсем қала, гүл қала», «Аймақ дамуы, ел дамуы» бөлінді. Көрменің ашылуында сөз алған Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Ү. Үкин, кітапхана директоры Д.Т. Дүйсебаева 2016 жылдың жақсы жаңалықпен басталғандығын атап өтті. Студенттер көптеген кітаптармен таныса келе, жергілікті өлкетанушылардың облыс тарихына қатысты еңбектеріне де баса назар аударды. Осы жыл өлкемізге қатысты мерекеге толы жыл. Қызықты кітап көрмесі тек қана болашақ тарихшылар қауымына ғана емес, басқа да оқырмандарға өте әсерлі болғандығы анық.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз