Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің күніне арналған көрмесі
- Подробности
- Опубликовано: 15 декабря 2015
15 желтоқсан Тəуелсіздік күні мерекесіне орай Қостанай облыстық тарихи Өлкетану мұражайында Қасаболат Айгүл Жапарбекқызының жетекшілігімен 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен "Қасиет тұнған ұлы ұғым!" Қорытындысын көрмесі өтті. Көрмеге 20 дан астам туынды қойылды. Көрмені мұражай қызметкері Эльмира Ергешқызы құттықтау сөзімен ашып, Жұмабеков Рустем патриоттық əнімен жалғады. Тарих және онер факультеті тəрбие ісінің декан орынбасары мерекемен құттықтап, студенттерді марапаттады. 1 орын Ақанбаев Бағлан.2 орын Жуматаева Инабат 3курс. 3 орын Садовая Екатерина. Кенжегара Айдана 3 орын қанағат тұтты. Сонымен қатар көрмеге суретші Баталова Б.Ж. жəне қолөнер шебері мүсінші Рыскелді М. Қатысып сөз сөйледі. Рыскелді М. Желтоқсан оқиғасына қатысқанын көргенін əңгімелеп берді. Көрме патриоттық əндерімен жалғасты.