ҚР Тұңғыш Президентінің Халыққа Жолдауы – ел дамуының айғағы
- Подробности
- Опубликовано: 30 ноября 2015
2015 жылдың 30 қараша күні сағат 11-де ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жылдағы Халыққа Жолдауын арнаған еді. Аталған айтулы оқиғаны тарих және өнер факультетінің ұжымы асыға күткені анық. Жолдауды тыңдау үшін 224 аудиторияға жиналған факультет деканы Балғабаева Г.З. бастаған факультет ұжымы және факультет студенттері Елбасы Жолдауын көгілдір экраннан тікелей эфирдан тамашалады.
Елбасының биылғы Халыққа Жолдауы қазіргі Әлемдік дағдарыс мәселесін қалай шешу жолдарына арналды. Халық болып, ел болып атқарылатын іске барлық қазақстандықтарды шақырды. Дүниежүзінде орын алып түрлі келеңсіздіктер мен шиеленістерге тосқауыл жасау керектігін, ел экономикасының дағдарыстан қиналмай шығуын, теңгеміздің статусын жоғарылату және т.б. келелі мәселелерді өз Жолдауында айқын баяндады.
Бір жарым сағаттан аса уақытқа созылған Жолдауды студенттер қауымы зор ықыласпен тыңдап, әр айтылған бағыт-бағдарға өз қолдауыларын корсететіндіктерін білдірді. Жолдау аяқталысымен факультет ұжымы естелік фотосуретке түсіп, болашақта Жолдауды студенттер арасында кеңінен насихаттауды жолға қоямыз деп тарасты.