«ХХІ ғасыр көшбасшысы»

30.10.1530 қазан күні сағат 17.00 студенттер үйінде «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойын өтті. Аға оқытушы, заң саласының магистрі М.В. Разуеваның басшылығымен «Құқық пен экономика негіздері» мамандығының 2 курс студенттері ойынға белсене ат салысты. Интеллектуалды ойынның тақырыбы – ҚР Конституциясы. Осы жылы конституциямызға 20 жыл болғаны бәрімізге мәлім. Ойынға жатақханада тұратын студенттер өз қалаулары бойынша қатысты. Үш команда ат салысты. Олар: «Барыс» атты бірінші орын алған топ, «Жолбарыс» атты екінші орын алған және «Болашақ» атты үшінші орын алған топ.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз