Тең ойын, шах, мат
- Подробности
- Опубликовано: 12 февраля 2015
2015 жылғы 12 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Студенттер үйінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай студенттер арасында шахмат пен шашкадан чемпионат өтті. Чемпионатты тарих және өнер факультетінің деканаты және Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары – тарих магистрлері К.К.Әбілмәліков, Д.Е.Әбенов, Н.Н.Елкей өткізді. Чемпионатқа «Математика», «Физика», «Тарих», «Экономика және құқық негіздері», «Туризм», «Биология», «География» мамандықтарынан 50 студент қатысты. Бірінші орын үшін күрес өте тартысты да қызықты өтті. Жалпы алғанда сайысқа ҚМПИ Студенттер Үйінен 40 студент қатысты. Жеңіске үміткерлердің барлығы ойын барысында тамаша нәтиже көрсетті.