Еуразия кеңістігін құру идеясын дамыту жолындағы ҚР Тұңғыш Президентінің үлесі
- Подробности
- Опубликовано: 28 ноября 2014
2014 жылдың алғашқы күні Қазақстан үшін мереке күн болып саналады. Мемлекетімізде 1 желтоқсан ресми түрде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні болып табылады. 2014 жылдың 28 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және өнер факультетінде Тұңғыш Президент күніне орай Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы оқытушыларының (Айдналиева А.Т., Разуваева М.В., Рағатова М.О.) ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Алғашқы құттықтау сөзі факультет деканы, т.ғ.к., доцент Г.З.Балғабаеваға берілді. Іс-шараның мақсаты қатынасып отырған студенттерді Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп жатқан сыңдарлы саясатымен таныстыра отырып, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту болды.