«Тапқырлар сайысы» интеллектуалды ойыны
- Подробности
- Опубликовано: 21 ноября 2014
2014 жылдың 21 қарашасы күні тарих және өнер факультетінде Қазақстан тарихы кафедрасының әдістемелік апталығы аясында 1 курс «Тарих» мамандығының студенттері мен қаламыздағы С.Мәуленов атындағы мектеп гимназиясы оқушыларының арасында «Тапқырлар сайысы» атты интеллектуалды ойын өтті. Интеллектуалды ойынды Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Еришева Т.А. ұйымдастырды. Ойын жоғары деңгейде өтті. Студенттер мен оқушыларға сайыс барысында түрлі қызықты тарихи сұрақтар қойылды. Сайыс нәтижесінде, 1 курс студенттерінен құралған «Білімділер» тобы жүлделі 1 орынды жеңіп алса, 2 орынды мектеп оқушыларынан құралған «Жас өркен» тобы жеңіп алды. Жүлдегер топтарға түрлі сыйлықтар беріліп, естелік фотосуретке түсті.