«Қазақстан тарихы сабағында ақпараттық-коммуникалды технологияны қолдану»
- Подробности
- Опубликовано: 21 ноября 2014
2014 жылдың 21 қарашасы күні сағат 15:00-де 210 аудиторияда «Қазақстан тарихы сабағында ақпараттық-коммуникалды технологияны қолдану» тақырыбында мектеп оқушылары, «Тарих» мамандығы студенттері, қала мұғалімдері, институттың біліктілікті арттыру орталығы мамандары мен факультет оқытушыларының қатысуымен семинар өтті. Семинар жұмысын Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Наурызбаева Э.К., тарих магистрлері Анасова А.Б., Абильмаликов Қ.Қ. ұйымдастырды. Семинар барысында компьютерлік және ақпараттық технологиялар бойынша оқыту түрлері, проекторлық оқыту, кейс-әдістері, концептуалды карта, техникалық жаңалықтар презентация арқылы көрсетілді.