«Зерттеу міндеттерін жүзеге асырудың әдістемесі»
- Подробности
- Опубликовано: 20 ноября 2014
2014 жылдың 20 қарашасында Қазақстан тарихы кафедрасының әдістемелік апталығы барысында 215 аудиторияда қала мектептері мұғалімдері мен оқушыларының қатысуымен «Зерттеу міндеттерін жүзеге асырудың әдістемесі» атты әдістемелік семинар болып өтті. Семинарды Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Аманжол Күзембайұлы ұйымдастырды. Сонымен қатар, семинарға институттың оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Төлеген М.Ә., қаламыздағы Горький атындағы гимназия, № 23, № 115, № 1 мектептерінің оқушылары мен тарих пәні мұғалімдері қатынасты.