«Қостанай облысы тың игеру тарихының куәгерлері»

20.11.142014 жылдың 20 қарашасы күні тарих және өнер факультетінде 15.00-де «Тарих», «ҚЭН», «Шет тілдері» мамандығының студенттерінің тың игеру жылдарының куәгерлері, қостанайлық ардагерлермен кездесуі болып өтті. Кездесу кешінде сөз алған Лемберд Леонид Федорович, Мейеров Леонид Матвеевич сынды ардагер-тың игерушілер студенттерге тың игеру жылдары тарихынан, сол жылдары кездескен қиындықтары мен жетістіктерін сөз етті. Өкінішке орай, кездесуге облысымзға белгілі ардагер Куприянов Николай Гаврилович келе алмады. Қазіргі таңда тың игеру жылдары еңбек еткен ардагерлер саны азайып кеткені белгілі. Сондықтан да, жоғарыда аталған ардагерлердің келешек ұрпақ үшін берер тәлімі мен тәрбиесі мол.Тың игеруші-ардагерлермен бірге жиынға қатысқан институт профессоры Терновой И.К., факультет деканы, т.ғ.к., доцент Балғабаева Г.З., Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Наурызбаева Э.К. қатынасты. Студенттер қонақтарға сұрақтар қойып, тың игеру науқанының облысымызда орын алған тарихымен кеңінен танысты. Кездесу соңында студенттер ардагерлермен естелік фото-суреттерге түсті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті «Қостанай облысы тың игеру тарихының куәгерлері»