Қостанай мемлекеттік педагогикалық институының 75 жыл мерейтойына байланысты тәрбие сағаты

02.10.14Қазан айының 2-ші жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институының 75 жыл мерейтойына байланысты «Тарих және өнер» факультетінің тарих мамандығының 3 курс студенттері тәрбие сағатын өткізген болатын. Соған орай сабаққа Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, тарих ғылымның кандидаты, педагогикалық институттың аймақтық тарихи зерттеу орталығының бастығы Терновой Иван Кондратьевич шақырылған болатын. Тәрбие сағаты барысында Иван Кондратьевич институттың тарихын баяндады. Кездесуден студенттер жақсы әсер алып, өз білімдерін толықтыра түсті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарихын меңгеріп, студент жастарға үгіттеу мақсаты жүзеге асырылды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика кафедрасының аға-оқытушысы Шалғымбекова Алия Батырханқызының жетекшілігімен өткізілген тәрбие сағаты жоғары дәрежеде өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Қостанай мемлекеттік педагогикалық институының 75 жыл мерейтойына байланысты тәрбие сағаты