Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының
- Подробности
- Опубликовано: 05 апреля 2014
Кафедра апталығы ҒӘО бекіткен кесте бойынша 31 наурыз бен 5 сәуір 2014 жыл аралығында өтті. Кафедра апталығының әдістемелік мақсаты: оқу-тәрбиелік және ғылыми-зерттеушілік үрдісті белсендіру. Міндеттері: педагогикалық тәжірибені жалпыландыру; кафедраның студенттік ұжымымен қатынасының анализі (мониторинг негізінде); студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын зерттеу топтары қызметінің аясында белсендіру; Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары мен Қостанай қаласы мен Қостанай облысының жалпы білім беретін мекемелерімен арақатынасу.
31 наурыз 2014 жылы Самаркин С.В. «Физика – математикалық лицей» аясында тарих және қоғамдық пәндер мұғалімдерінің секциясында әділ қазы ретінде «Білім беру сапасын арттыру – оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуы мен дамуының маңызды жағдайы» атты педагогтардың ІІ Аймақтық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференция АҒПО «Қостанай дарыны» ММ «Қостанай қаласы әкімшілігінің білім бөлімі», ММ «ФМЛ...» эгидасы бойынша өтті. Облыс мектептерінің мұғалімдерімен арақатынасу кафедра жұмысының маңызды бағыты болып табылады. Секция жұмысы барысында тарих, құқық және экономика пәндерінен, өлкетану, дінтану мұғалімдеріне әдістемелік және практикалық ұсыныстар берілді, аймақтың жалпы білім беретін мектептерімен әріқарай жалғастырудың негізгі векторлары айқындалды. Конференция алдында кезекті «Лицейский вестник» шықты, онда С.В.Самаркиннің «Будущее науки Казахстана» атты мақаласы жарияланды.
31 наурыз 2014 жылы кері байланысты орнату мақсатында «Құқық және экономика негіздері» мамандығының студенттерімен оқу, тәрбиелік, ғылыми-зерттеушілік мәселелері бойынша әңгімелесу өтті. Алдынала сауалнама жүргізілді. Сауалнама сұрақтары бірқатар өзекті мәселелер көтерді: жұмысқа орналасу перспективалары, аудиториядан тыс уақытты қамту, оқу қызметін бағалау, ғылыми-зерттеушілік жұмысты ұйымдастыру. Сауалнама қорытындысы бойынша аналитикалық анықтамамен кафедра меңгерушісі С.В. Самаркин шықты. Өз көзқарастарымен студенттер, оқытушылар бөлісті, әңгімелесу барысында студенттік жұмыстың негізгі бағыттарын әріқарай дамыту мен қалыптастырудың перспективалары анықталды.
Кесте бойынша 1 сәуір 2014 жылы 9 сағат 30 минут уақытында саясат ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы С.В.Назарованың «Саясаттану» пәнінен «Политическое лидерство» ашық сабағы өтті. Дәріс №512 дәрісханада проектор мен электрондық презентация қолдану арқылы өтті. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Материал түсінуге лайық айтылды, логикалық негізделген. Белсенді формаларды қолдану арқылы бар аудиторияның оқу үрдісіне жұмылуы көрінді.
2 сәуір 2014 жылы 11.00 сағатта Қостанай қаласы мен Қостанай облысының жалпы білім беретін мекемелерімен арақатынасу аясында кафедра меңгерушісі С.В.Самаркин мен доцент Е.В.Ярочкина Қостанай қаласының №3 мектеп-гимназиясында өткен «Оқушылардың азаматтық санасын тануды қалыптастырудың өзекті мәселелері» атты ашық мұғалімдер конференциясына қатысты. 2 сәуір 2014 жылы 14 сағат 00 минут уақытында күндізгі бөлімнің 4 курс студенттерінің диплом жұмыстарын алдын ала қорғауы болды. Алдынала қорғау хаттамасы кафедра отырысының сәуірдік хаттамасында бар. Барлық студенттер алдынала қорғау процедурасын өтті.

3 сәуір 2014 жылы 15 сағат 30 минутта институттың конференц-залында по теме «Қылмыстық-құқық пәндерді оқытудағы инновациялық технологияларды қолданудың қазіргі кездегі жағдайы» атты тақырыпқа ашық онлайн-семинар өтті. Семинарды өткізу бастамшысы болып аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық үрдіс және криминалистика кафедрасы (каф.меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Джансараева Р.Е.) болды. Семинарға қатысты: ҚМПИ оқу және әдістемелік жұмыстар проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Төлеген М.Ә., ҚМПИ академиялық мәселелері бойынша департамент бастығы, педагогикалық ғылымдар кандидаты Кифик Н.Ю., Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы (каф.меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Самаркин С.В., кафедра доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ярочкина Е.В., аға оқытушылар – Айдналиева А.Т., Разуваева М.В., Рагатова М.О. және т.б.), «Құқық және экономика негіздері» мамандығының студенттері. Семинар жақсы әдістемелік деңгейде өтті, әріқарай ынтымақтасу болашағы айқындалды.
2014 жылдың 4-сәуірінде ҚМПИ «Әлем тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының апталығы шеңберінде аға оқытушы М.О.Рағатованың жетекшілігімен ашық сот процессі бойынша рольдік ойын өткізілді. Аталмыш шараға «Құқық және экономика негіздері» мамандығының 1-4 курс студенттері қатынасты. Іс-шараның мақсаты ҚР қылмыстық кодексінің 179-бабы, яғни «қарақшылық» ісін мысалға ала отырып, оқу әдісімен қатар тәрбиелік мәніне де көңіл бөліп, студенттердің теориялық білімдерін бекіту және жастардың арасында құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын-алу болып табылды.

5 сәуір 2014 жылы Қостанай ауданының Александровск ОМ кафедра оқытушылары (каф.меңгерушісі С.В.Самаркин, профессор Я.К.Духин, доцент Е.В.Ярочкина) арқасында «Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері» атты ашық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Бұл іс-шарада Александровск, Борисо-Романовск, Давыденовск және Жуков жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Іс-шара барысында ұсыныстар жасалынды, Александровск шағын кешенді мектебімен әріқарай ынтымақтасу туралы шешім қабылданды. Профессор Духин Я.К. байырғы тұрғыны Я.Н. Востриковтың естеліктерін мектепке сыйға тартты, ол енді қалыптасып келе жатқан өлкетану мұражайында орталық орынды алады.