ХХ ғасырдың 20-40 жж. Қостанай өңірінде араб және латын тілдерінде жарияланған мерзімді басылымдар

28.02.201428 ақпан күні сағ. 15.30-да археология және этнология орталығында «ХХ ғасырдың 20-40 жж. Қостанай өңірінде араб және латын тілдерінде жарияланған мерзімді басылымдар» тақырыбында облыстық мұрағат қорынан жинақталған материалдар бойынша фотокөрме ұйымдастырылды. Фотокөрмеге «Тарих» мамандығының 2-4 курс студенттері қатынасты. Фотокөрмені археология және этнология ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері және кафедра оқытушылары ұйымдастырды.
Іс-шара барысында тарих магистрлері Елкей Н.Н., Байдалы Р.Ж. газеттің алғашқы шығарылуы, Кеңестік кезеңде араб және латын тілдерінде жарияланған мақалалар, яғни 1918 жылдан бастап жарыққа шыққан «Ауыл», «Большевиктік жол», «Лениндік жол» газеттері жөнінде баяндама жасады. Фото көрмеге кафедра оқытушылары Абильмаликов К.К., Еришева Т.А., Наурызбаева Э.К., Бекмагамбетова М.Ж. және т.б. қатынасты.
Студенттер мұрағаттан жинақталған мерзімді басылым көздерімен таныса отырып, өз ой-пікірлерін айтты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті ХХ ғасырдың 20-40 жж. Қостанай өңірінде араб және латын тілдерінде жарияланған мерзімді басылымдар