«Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар Қазақстан тарихы сабақтарында» оқу-әдістемелік семинары
- Подробности
- Опубликовано: 26 февраля 2014
Қазақстан тарихы кафедрасының апталығы шеңберінде 2014 жылдың 26 ақпан күні сағат 12.30 тарих және өнер факультетінде «Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар Қазақстан тарихы сабақтарында» атты оқу-әдістемелік семинары өтті. Семинарды Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары: тарих магистры Абильмаликов К.К., тарих магистры Еришева Т.А., тарих магистры Нурпеисова Э. Т. жүргізді.Оқу-әдістемелік семинар барысында оқытушылар түрлі коммуникативті-техникалық жаңалықтарды қолдану арқылы оқытудың инновациялық әдістері туралы айтты- вебинарларды, видеолекцияларды жасау бойынша бағдарламалар (CamStudio, FreeMakeQuizMaker), археология мен этнология сабақтарындағы кейс – әдістер, жобалық оқыту, концептуалды карталар және т.б.