Көсемсөзші Қайрат Бегалинмен кездесу

12 ақпан күні Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақстандық тарихшы, белгілі журналист, «Мәмлүктер», «Бумын қаған», «Естеми қаған», «Бату хан», «Сүбедей бахадүр» атты тарихи кітаптардың авторы Қайрат Бегалинмен кездесу болып өтті.
Кездесу кешіне Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, тарих және өнер факультеті, «Тарих» мамандығының қазақ бөлімі 2 курс студенттері, топ кураторы Н.Елкеймен бірге қатынасты. Тарихшы студенттерге өзін таныстыра келе, еңбек жолын, тарихи еңбектерді жазудағы мақсатын айтып өтті. Батырлар тарихы жөнінде кеңірек мәлімет беріп, студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Тарихи кештің студенттерге берері мол. Жастарды ұлтжандылыққа, ар-намысшыл болып өсуіне өз ықпалын тигізді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз