ҚР Президентінің жаңа Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру
- Подробности
- Опубликовано: 04 февраля 2014
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жаңа Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру шеңберінде 2014 жылдың 27 қаңтар- 04 ақпан күндері аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының факультеттерінде Қазақстан тарихы кафедрасының, Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары ашық лекция өткізді. Лекция барысында оқытушылар жаңа Жолдаудың мақсаттары мен міндеттеріне түсініктеме берді.Факультеттердің жиналыстарына оқу орнымыздың әкімшілігі де қатысты: оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Төлеген М.Ә., ғылыми жұмыстар және шетелмен байланыс жөніндегі проректоры Әбіл Е.А., тәрбие жұмысы және әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор Ахметов Т.Ә.