Мұрағат ісінің 90-жылдық мерейтойы

90-arch2013 жылдың қараша-желтоқсан айларында Қостанай облысы мұрағат ісінің 90-жылдық мерейтойына арналған бірқатар іс-шаралар өтті. Аталмыш іс-шараларға Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатынасты.
- 2013 жылдың 18 қарашасында Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Қостанай облысы мұрағат ісінің 90-жылдығына арналған «Ғалымдар шақырады» клубы қызметі шеңберінде «Қостанай облысының мұрағат, мұражай және кітапхана қорлары: өлке тарихын зерттеудегі ролі» тақырыбында дөңгеле стол өткізіліп, оған кафедра меңгерушісі, т.ғ.к. С.В.Самаркин мен т.ғ.к., доцент Я.К.Духин қатынасты.- 2013 жылдың 29 қарашасында Қостанай облыстық мемлекеттік мұрағатында 90-жылдық мерейтойға арналған мұрағат ісі қызметкерлерінің дайындаған «Қостанай облысы мұрағат ісіне 90 жыл», «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты», «Қостанай облысының танымал адамдары» тақырыптарында фотоқұжаттық көрме ұйымдастырылды. Бұл іс-шарада өз ойларын жеткізіп, пікірталасқа белсенді қатысқандардың бірі т.ғ.к. С.В.Самаркин мен т.ғ.к., доцент Я.К.Духин болды.- 2013 жылдың 3 желтоқсанында Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында Қостанай облысы мұрағат ісіне 90 жыл мерекесіне және «Мұрағат және Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» ҚР Заңына 15 жыл толуына орай мерекелік отырыс өтті. Отырысқа шақырылған қонақтардың ішінде ҚМПИ оқытушылары (кафедра меңгерушісі, т.ғ.к. С.В.Самаркин мен т.ғ.к., доцент Я.К.Духин) және «Құқық және экономика негіздері» мамандығының студенттері болды.- 2013 жылдың 6 желтоқсанында өткен «Өлкенің тарихи-мәдени құндылықтарын сақтаудағы мұрағаттың ролі: келешегі мен мәселелері» тақырыбындағы конференцияда Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары С.В.Самаркин, Я.К.Духин және Е.В.Ярочкина ғылыми баяндамаларын жасады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз