«Ұлт-азаттық қозғалыстардың теориялық мәселесіне жаңаша көзқарас (ХҮІІІ ғ.-1992 жж. аралығы)»
- Подробности
- Опубликовано: 06 декабря 2013
2013 жылдың 6 желтоқсаны күні сағат 15:00-де 210 аудиторияда тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлт-азаттық қозғалыстардың теориялық мәселесіне жаңаша көзқарас (ХҮІІІ ғ.-1992 жж. аралығы)» атты облыстық деңгейде онлайн-конференция өтті.
Онлайн-конференция барысында тікелей байланысқа Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасы және қаламыздағы №10 орта мектеп, С.Мәуленов атындағы мектеп-гимназия, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімдері шықты. Сонымен қатар, қаламыздағы №17, №20, №122, №21, №5 мектептерінен келген тарихшы-мұғалімдер қатынасты.
Конференция барысында проф. Аманжол Күзембайұлы «Кенесары соғысы», т.ғ.к., доцент м.а., Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі м.а. Ө.И. Исенов «Жоламан батыр Тіленшіұлы бастаған Ұлт-азаттық соғыстың мәселесі тарихына жаңаша көзқарас», аға оқытушы, тарих магистрі А.Б. Анасова «Желтоқсан оқиғасы», оқытушы, тарих магистрі Т.А. Еришева «Азат қозғалысы» тақырыптарында баяндама жасады. Баяндама барысында сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды.
Онлайн-конференцияға қатынасқан әрбір тыңдарман-қатысушыға арнайы сертификаттар берілді.