Ең үздік спикер

kazman ratbekҚостанай мемелекеттік педагогикалық институтының Құқық және экономика негіздірі мамандығының 4 курс студенті «Парасат» пікір-сайыс клубының жаттықтырушысы, Х-жетекшісі Қазман Ратбек Палодар қаласында өткен Тұңғыш Президент күніне арналған, Ректор кубогі үшін дәстүрлі II республикалық пікір-сайыс турнирінде «үздік спикер» атағын иеленді. Аталған іс-шараға еліміздің түпкір-түпкірінен пікір сайысшылар қатырсты. Атап айтсақ Астана, Көкшетау, Семей, Өскемен, Павлолар, Қызылорда, Шымкент және әрине Қостанай қаласынан барған делегация қатысқан болатын. Турнир ережесі бойынша басты мақсаты жастар арасындағы белсенділік пен патриоттық сезімді көтеру болып табылды. Турнир Американдық парламен және Линкольн Дуглас форматтарында ойналды. Қарастырылған тақырыптар негізінен киноиндустрия мен спорт және Баянауыл өлкесіндегі туризм кластерін дамыту бойынша ойналды. Қостанай және ҚМПИ мен «Парасат» пікір-сайыс клубының абыройын қорғаған Ратбекке болшақта биік шыңдарды бағындырып, еліміздің үлгілі азаматтар қатарында болуын тілейміз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз