1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні

29.11.132013 жылдың 25-29 қараша аралығында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Қазақстан тарихы кафедрасы оқытушылары институттың барлық факультеттерінің студенттеріне «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ғұмырнамасы мен ғылыми мұрасы» тақырыбында лекция сабақтарын өткізді.
Алғашқы лекцияны қарашаның 25 күні кафедра меңгерушісі м.а., тарих ғылымдарының кандидаты Өтеген Ихсанұлы Исенов тарих және өнер факультеті студенттеріне «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ғұмырнамасы мен ғылыми мұрасы» тақырыбында оқыды.26 қараша күні жаратылыстану-математика факультетіне аға оқытушы, тарих магистрі Анасова А.Б., 27 қараша күні шетел тілдері факультетіне оқытушы, тарих магистрі Еришева Т.А., жантану және педагогика факультетіне оқытушы, тарих магистрі Елкей Н.Н., 29 қараша күні қазақ және орыс филологиясына аға оқытушы, тарих магистрі Байдалы Р.Ж., Елкей Н.Н. лекция оқыды.Лекция барысында Тұңғыш Президент туралы «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы», «Сегіз қырлы» атты бейнефильмдер мен презентация көрсетелді. Өткен лекцияның студент-жастар үшін берері мол.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз