Қостанайда «Елбасы және мемлекеттік тіл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
- Подробности
- Опубликовано: 29 ноября 2013
2013 жылдың 29 қарашасы күні Қостанай қаласындағы Достық үйінің мәжіліс залында 1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Елбасы және мемлекеттік тіл» деп аталтын дөңгелек үстел болып өтті. Аталмыш басқосуды облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының қызметкерлері, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының мүшелері, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұстаздары, шаһардағы жоғарғы оқу орындарының студенттері, облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскерлері мен оқытушылары, «Тілдарын» жастар клубының өкілдері қатысты.Жиынға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттың Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, тарих магистрі Елкей Нұрлыбек Нұрланұлы қатынасып, «Жер-су атауларының келешек жастарды отансүйгіштікке баулудың маңызы» тақырыбында баяндама жасады.Жиын барысында Елбасының салиқалы қоғамдағы келісімді нығайтудағы рөлі, мемлекеттік тілдің мәртебесі, жастарды елжандылыққа тәрбиелеу секілді мәселелер талқыланды.