Тұңғыш Президент күні қарсаңында ашық дәрістер

28.11.13Әлем тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушыларынан құрылған ақпараттық-насихаттау тобы құрылып, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Тұңғыш Президент күніне орай ашық дәрістер мен сұқпаттар жүргізілді.
Ақпараттық-насихаттау тобының жұмысы бекітілген кестеге сай орындалды. Топ құрамына кафедраның келесі оқытушылары кірді: С.В.Самаркин, Л.Я.Шевченко, С.В.Назарова, Б.Х.Альшанова, А.Б.Амантаева, И.М.Скрынский, Е.В.Ярочкина, М.В.Разуваева. 22 қарашадан 28 қараша аралығында келесі іс-шаралар жүргізілді:
– 22 қараша 2013 ж. «Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен дамуындағы мемлекетіміздің Тұңғыш президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тарихи ролі» тақырыбында С.В.Самаркин Қостанай облыстық ІІД-нің жеке құрамына дәріс оқыды.

– ҚМПИ факультеттерінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті» тақырыбында дәрістер жүргізілді:
  • 25 қарашада Психология және педагогикалық факультетінде С.В.Назарова және Л.Я.Шевченко;
  • 25 қарашада Жаратылыстану-математикалық факультетінде И.М.Скрынский;
  • 26 қарашада Жаратылыстану-математикалық факультетінде Е.В.Ярочкина;
  • 26 қарашада Тарих және өнер факультетінде С.В.Самаркин;
  • 28 қарашада Шетел тілдері кафедрасында Б.Х.Альшанова.
Аталмыш іс-шарада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналған презентациялар дайындалып, «Это наша с тобой биография. Н.Назарбаев» атты фильм көрсетілді. Кездесу кезінде Тұңғыш Президенттің елдің ішкі және сыртқы саясатына қосқан үлесі мен жыл сайынғы Жолдаулары талқыланды.
 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Тұңғыш Президент күні қарсаңында ашық дәрістер