Жаңа жыл өз қолымызбен

25.12.132013 жылдың 25 қарашасында ҚМПИ жатақханасының мәжіліс залында «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 3 курс студенттерімен, аға оқытушы М.В. Нарумованың жетекшілігімен «Жаңа жыл өз қолымызбен» атты шеберлік сыныбы өтті. Онда жатақханада тұратын «тарих және өнер» факультетінің студенттерінен басқа да мамандық иелері қатысты. Студенттер жаңа жылдық декорация, сыйлықтарды жасаудың әр – түрлі техникасымен, орындалу әдістерін үйренді. Практикалық жұмыс барысында қағаз пластика техникасында жаңа жылдық әшекейлер жасалды. Студенттердің алған білімдері мектеп практикасында, жаңа жылда үйді әшекейлеуге, жатақхана бөлмелерін сәндеуге жарайды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз