Археология және этнография мұражайындағы фотокөрме
- Подробности
- Опубликовано: 11 ноября 2013
2013 жылы 11 қараша күні археология және этнография орталығының мұражайында тарихи ғылыми қоғамның студент-мүшелерінің қолдарымен ұйымдастырылған «Археология, экспедиция және ежелгі кезеңнен бастап біздің заманымызға дейінгі еңбек, шаруашылық пен тұрмыс құралдары» атты фотокөрме өтті. Фотокөрме ежелгі адамның алғашқы еңбек құралдарын, антикалық мәдениетінің тұрмыс заттарын, археологтар Г.Шлиман, А. Эванс және Д. Картердың әйгілі археологиялық экспедицияларын, перғауындардың, қытай императорларының ежелгі жерлеулерін сипаттайды. Сонымен қатар Қазақстанның археологиясын сипаттайтын жеке фотосурет экспозициясы ұйымдастырылды.