"Тарих сабақтарында оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру"
- Подробности
- Опубликовано: 05 ноября 2013
2013 жылдың 05 қарашасында Алтындала ауданы, Краснооктябрь орта мектебінде "Тарих сабақтарында оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында ашық лекция-семинар өткізілді. Бұл семинарға жауаптылар болып Исенов Ө.И., Анасова А.Б., Байдалы Р.Ж. бекітілген болатын. Бұл семинарда тақырыпқа сәйкес мәселелер қарастырылды. Шағын комплекті мектепте тарихты оқытудағы өз бетінше жұмыстың түрлерімен таныстыру, дифференциалды оқыту элементтерін өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда қолдану, өзіндік жұмысты ұйымдастыруда бағдарламалап оқыту, өз бетінше жұмыстарды пайдалану іс-тәжірибесі сияқты мәселелер көтерілді. Мектеп мұғалімдері өз ойларын ортаға салды.