«MUSIC - SOUVENIR KZ»

fii18.10.13Өнер кафедрасының оқытушылары Шегай Юлия Георгиевна (академиялық вокал) мен Белозер Людмила Петровна (концертмейстер) 2013 жылы 26-27 қазанында Астана қаласында өткен, бірінші республикалық «MUSIC - SOUVENIR KZ» музыкалық шығармашылық байқауына қатысып, «Акалемиялық вокал» номинациясы «оқытушы - солист» санатында 1 орын лауреат жеңіп алды. Байқаудың ұйымдастырушылары Астана қаласының Композиторлар одағының қолдауымен, шығармашылық орталық бастамасы «Art aspect» және Қарағанды облысының «Балауса» қоғамдық композиторлар бірлестігі. Байқаудың мақсаттары қазақстандық композиторлардың шығармашылығын насихаттау, Қазақстан композиторлары мен музыкант-орындаушылар және оқытушылар арасында шығармашылық диалог ұйымдастыру, музыкалық оқу орындарымен қарым-қатынас кеңістігін кеңейту. Кафедра оқытушылары дипломмен марапатталып және Рим қаласында (Италия) өтетін, бірінші Халықаралық «PRIMAVERA ROMANA» муыкалық өнер байқауына, сонымен қатар Турку (Финляндия) қаласында өтетін Ян Сибелиуске арналған 2ші Халықаралық байқауға академилық вокал санатында қатысуға сертификат алып қайтты. Шегай Юлия Георгиевна мен Белозер Людмила Петровнаға шығармашылық табыстар тілей отырып, шын жүректен құттықтаймыз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз