Кәсіби бағдарлау жұмысы
- Подробности
- Опубликовано: 12 октября 2013
Тарих және өнер кафедрасының мұғалімдері 2013жылдың 12 қазанында Әлем тарихы және жалпы қоғам пәндері кафедрасының меңгерушісі Самаркин С.В., Өнер кафедрасының меңгерушісі Сапиева М.С., Әлем тарихы және жалпы қоғам пәндері кафедрасының доценті Ярочкина Е.В., Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Байдалы Р.Ж. жоспарға сай Меңдіқара ауданының 3 мектебіне, дәл осылай 2013 жылы 24 қазанда Әуликөл ауданында - 8 мектеп (Әулиекөл ауылы 3мектебі, Өнер мектебіне, Аманқарағай ауылында 2 мектеп,Семеновка ОМ, Новонежин ОМ,) кәсіби бағдарлау жұмысын өткізіп келді.Мектептерге қатысушылық барысында педагогикалық білімнің артықшылығы, білім мекемелерімен 12 жылдық білімге көшуге сәйкес дайындық пен бірлесіп әрекет қылу мүмкіндіктері талқыланды. Оқытушылар ҚМПИ- ға, Тарих және өнер кафедрасына арналған презентация және фильмдер көрсетті. Сонымен қатар мектеп кітапханасымен, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен бітіруші түлектермен кездесіп, әңгіме жүргізді.