Студенттер қатарына қабылдау

25.09.13p>25 қыркүйек күні ҚМПИ-дың акт залында тарих және өнер факультетінің 1 курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Акт залында келесі мамандықтар жиналды: «Құқық және экономика негіздері», «Тарих», «Бейнелеу өнері және сызу» және «Музыкалық білім». Мерекелік көңіл-күйге кернегін кештің шымылдығын құттықтау сөзімен факультет деканы Балғабаева Гаухар Зкрияқызы ашты. Ол кешегі талапкерлерді факультетіміздің студенттері қатарына қабылдануларымен шын жүректен құттықтап, оқуда жеміс, келешекте елінің білікті де білгір маманы болуларына ізгі тілегін білдірді. Меркелік кешті жоғары курстың студенттері ұйымдастырып, өнерлі студенттеріміз көрермендерді әсем ән мен тәтті күйге бөлесе, Сейлхан Әділханның бастауындағы факультеттің КВН командасы жиналған көрерменді өз өнерімен тәнті етті.Сонымен қатар, 1 курстың талантты жастары да, атап айтар болсақ, мың бұрала билеген «Музыкалық білім», «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтарының студенттері өздерінің өнерлерін паш ете отырып, көңілді мерекелік кеш сыйлады. Дәстүрлі түрде өткізіліп келетін іс-шара 1-курс студенттерінің ант қабылдауымен аяқталды.

 

25.09.13

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз