Студенттердің профессор Төлеген М.Ә. кездесуі
- Подробности
- Опубликовано: 30 апреля 2013
2013 жылдың 30 сәуірінде құқық бойынша студенттік үйірменің кезекті отырысында Құқық және экономика негіздері мамандығының студенттері ҚМПИ оқу және әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Төлеген Мұхтар Әділбекұлымен кездесу өтті. Отырыста Мұхтар Әділбекұлы студенттерге «Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы және оның алдын-алу мәселелері» тақырыбында баяндама оқыды.Кездесуде студенттер өздерін қызықтыратын және толғандырып жүрген сауалдарын қойып, белсенділік танытып отырды. Отырысқа Әлем тарихы, құқық және экономика негіздері кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., аға оқытушы С.В.Самаркин және үйірме жетекшісі, аға оқытушы, құқық магистрі М.О.Рағатова қатынасты.