Cтуденттік ғылыми-практикалық конференциясы
- Подробности
- Опубликовано: 25 апреля 2013
2013 жылдың 25 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және өнер факультетінде «Қазақстан – 2050 стратегиясы» шеңберінде жыл сайынғы студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция сағат 10.00-де пленарлық отырыстан басталды.Аталған іс-шараға ҚМПИ-дың бірнеше факульттерінен 1-4 курс студенттері қатынасты. Конференцияда 8 секция жұмыс жасады. Әр секцияның төрағасы, ғылыми жетекшілері және хатшысы жұмыс атқарды. Секция жұмыстарының қорытындысы бойынша 8 студент 1-дәрежелі, 9 студент 2-дәрежелі және 8 студент 3-дәрежелі дипломмен марапатталды.Ең үздік деп танылған ғылыми мақалаларға тоқталып кетсек, «Жаңа қазақстандақ патриотизм» секциясында Д.Қалиев «Амангелі ауданының тарихи топонимикасының кейбір мәселелері» (ғылыми жетекшісі проф. А.Күзембайұлы), «Бір Ел, бір халық» секциясында Т.Құстаев «Амангелді Иманов және Абдуғаппар Жанбосынов» (ғылыми жетекшісі т.ғ.к. М.Ж.Бекмағанбетова), «Жаңа бағыттың экономикалық саясаты» секциясында С.Кауменова «Социально-экономическая перспектива г.Аркалыка по программе моногородов Республики Казахстан» (ғылыми жетекшісі Н.И.Есимханова), «Дәйекті де болжамды сыртқы саясат» секциясында Н.Абасов «Черные фараоны» (ғылыми жетекшісі т.ғ.к. С.В.Самаркин), «Мәдени құрылыс» секциясында К.Омельченко «Новвоведения архитектуры Гауди» (ғылыми жетекшісі М.В.Нарумова), «Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері» секциясында М.Тәжібаева, Г.Мурзахметова «Суицид – әлеуметтік құбылыс ретінде» (ғылыми жетекшісі т.ғ.к. Әлібек Т.Қ.), «Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту» секциясында Н.Байжанов «Медиацияның әлемдегі ролі және Қазақстанға ену мәселелері» (ғылыми жетекшісі құқық магистрі М.О.Рағатова), «Заманауи білім беру жүйесінің негізгі бағдарлары» секциясында А.Бисембаева «Формирование понятийного мышления посредством мтворческих заданий» (ғылыми жетекшісі п.ғ.к. М.С.Сапиева).