Халық батыры Амангелді Имановтың 140 жылдығына арналған Online-конференция

17.04.20132013 жылдың 17 сәуірінде сағат 10.30-да 210-аудиторияда халық батыры Амангелді Имановтың 140 жылдығына арналған online-конференция өткізілді. Кнференцияға Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары - т.ғ.д., профессор А. Күзембайұлы, т.ғ.д., профессор Е.А. Әбіл, тарих ғылымдарының кандидаттары Э.К. Наурызбаева, М.Ж. Бекмагамбетова, О.И. Исенов, Г.З. Балғабаева, тарих магистрлері Р.Ж. Байдалы, Т.А. Еришева және филология факультетінен ф.ғ.к., профессор С. Оспанов қатысты. Сондай-ақ online-конференцияға Облыстық тілдерді дамыту орталығының бастығы Әбдіқадыр Әбілтаев, Қазақ тілін дамыту бөлімінің жетекшісі К.Т. Орманов, Амангелді Имановтың ұрпақтары – дәрігер-эпидемиолог Таймас Сұлтанұлы Сұлтанов, облыстың еңбек сіңірген ұстазы Дүйсенбі Сұлтанұлы Сұлтанов құрметті қонақ ретінде шақырылды.Видеоконференцияға Қостанай облысы Амангелді ауданының 17 орта мектебінің мұғалімдері және аудандық білім бөлімінің әдіскерлері қатынасты. Әлімғазина Мейрамкүл Мағазқызы, Қылышбаев Серік Егінбайұлы және басқалар өз баяндамаларын оқыды. Конференцияда Амангелді Имановпен және оның өмірбаянымен байланысты түрлі тақырыптағы баяндамалар талқыланды. Бұл – Кейкі батыр, Оспан Шолақ, Әбдіғапар Жанбосынов, Байқадам Қаралдин туралы және т.б. баяндамалар. Бүгінгі күндегі даулы, қарама-қайшы баға берілген тарихи тұқлғалардың бірі - Амангелді Иманов тұлғасының тарихтағы рөлін талқылау видеоконференцияның қорытындысы болды.

 

17.04.2013

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті Халық батыры Амангелді Имановтың 140 жылдығына арналған Online-конференция