V Республикалық Олимпиадада

29.03.13«Тарих» мамандығының 3 курс студенттері – Қылышбекова Бибінұрды, Арапов Жандосты және Абсаттаров Оразбекты Тарих және өнер факультетінің деканаты тарих бойынша V Республикалық Олимпиадада II орын алуымен құттықтайды. V Республикалық Олимпиада 2013 жылғы 28-29 наурыз аралығында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде болды. Оған Қазақстанның түрлі аймақтарынан 17 топ қатысты. Олимпиада бірнеше турдан тұрды: 1-тур – эссе, 2-тур – ғылыми жоба, 3-тур – тест. Олимпиаданың барлық кезеңдерінде біздің студенттер білім деңгейінің жоғарылығын көрсетті. Жарайсыңдар! Сіздерге ғылыми-зерттеу жұмыстарында жаңа жетістіктер мен табыстар тілейміз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз