Импакт-факторы бар мақалаларды жариялау бойынша кеңес
- Подробности
- Опубликовано: 14 марта 2013
2013 жылдың 14 наурызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Төлеген Мұхтар Әділбекұлының «Әлем тарихы, құқық және экономика негіздері» кафедрасының оқытушыларымен кездесуі өтті. Кездесуде халықаралық библиографиялық базаға енетін шет мемлекеттердің ғылыми журналында мақала жариалау үшін қойылатын талаптар талқыланды.