Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен өткен кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 25 января 2013
2013 жылдың 25 қаңтарында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қостанай облыстық мәдениет сарайының ұйымдастыруымен Тарих және өнер факультеті, Әлем тарихы, құқық және экономика негіздері кафедрасы жанындаға «Құқық бойынша студенттік-ғылыми үйірме» мүшелерінің (Құқық және экономика негіздері мамандығының 2-4 курс студенттерімен) құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Кештің мақсаты - құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін түсіндіру, рухани-адамгершілік қалыптасуына көңіл бөле отырып, жастарға құқықтық тәрбие беру, қоғам індеті - жемқорлықтың алдын алу.
Кешке Қостанай облысы ІІД полиция майоры Қозыбаев Жұмабай Айбасұлы және ҚР прокуратурасы институтының аға прокуроры Құрманалинов Еркін Жақсылықұлы арнайы шақырылды.Полиция майоры Қозыбаев Ж. А. қазіргі кездегі қоғамдағы құқық бұзушылықтың себеп- салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Аға прокурор Құрманалинов Е.Ж. қоғамымыздың ең басты қауіп - қатерлерінің бірі - сыбайлас жемқорлық жайлы баяндама жасап, осы қадағалау органның қызметкері ретінде облысымыздағы ахуал жайлы кеңінен әңгімеледі.Кездесуге қатысқан студенттер мен ұстаздар, журналистер кездесудің қонақтарына өз көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды.